Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») DAR Lean онлайн-платформасының (бұдан әрі –
«Платформа») құқық иеленушісі «DAR Solutions» ЖШС (бұдан әрі – «Құқық иеленуші») Платформаны
пайдаланатын кез келген тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») туралы ала алатын бүкіл ақпаратқа қатысты
қолданылады.
Осы Саясаттың әрекеті Құқық пайдаланушының автоматтандыру құралдарын пайдалану және осы саясат
күшіне енгенге дейін де, одан кейін де пайдаланбау арқылы жүзеге асырылатын Пайдаланушылардың дербес
деректерін жинау және өңдеу бойынша барлық іс-қимылдарында қолданылады.
Осы Саясатты Платформада ғана пайдалануға болады. Қосымша Пайдаланушының Платформаларда қолжетімді
сілтемелер бойынша өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауапкершілік
көтермейді, және үшінші тұлғалардың сайттарында Пайдаланушыларда өзге дербес деректер жиналуы,
өңделуі және/немесе сұратылуы мүмкін болып табылатынымен, сондай-ақ өзге де іс-қимылдардың жасала
алатынымен келіседі.
Құқық иеленушінің және/немесе оның үлестес тұлғаларының қосымшаларын, интернет- ресурстарын,
сайттарын, өнімдерін (бұдан әрі – «сәйкесінше Сервис, Платформа және Қосымша») пайдалану жөніндегі
саясат Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады және Пайдаланушы келісіміне қосылған
барлық Пайдаланушыларға қатысты қолданылады. Құқық иеленуші осы Саясатқа өзгертулерді және/немесе
толықтыруларды өз сайтында Саясаттың өзгертілген редакциясын орналастыру арқылы енгізе алады. Мұндай
өзгертулер мен толықтыруларды олар орналастырылған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн өткеннен
кейін Пайдаланушы Платформаны қолдануды жалғастырып жатқан жағдайда Пайдаланушы оларды қабылдаған
болып есептеледі. Осы Саясаттың қолданыстағы редакциясы Құқық иеленушінің сайтында мына сілтеме
бойынша орналастырылады: https://darlean.com/kz/policy?region=kz.
КЕЛІСІМ, ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
Келісім бере отырып, Пайдаланушы Құқық иеленушінің сайтында орналастырылған және https://darlean.com/kz/policy?region=kz
мекенжайы бойынша жарияланған Саясатпен танысу фактісін растайды.
Пайдаланушылардың дербес деректерін жинауды және өңдеуді Құқық иеленуші, Құқық иеленушінің үлестес
тұлғалары, сондай-ақ қазіргі уақытта да, болашақта да Құқық иеленушімен міндеттемелер немесе дербес
деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша құқықтық қатынастар арқылы байланысты үшінші тұлғалар
жүзеге асыра алады.
Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау, өңдеу жәге табыстау мына мақсаттармен жүзеге асырылады:
Құқық иеленушінің Пайдаланушы келісіміне сәйкес қызмет көрсетуі;
Құқық иеленушінің үлестес тұлғаларымен, сондай-ақ серіктестерімен және үшінші тұлғалармен
шарт жасасу, жасалған шарттарды орындау;
Құқық иеленушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі процедуралардың және жасалған
шарттардың талаптарын орындауы;
өнімдерді, Құқық иеленушінің Платформада көрсетілетін қызметтерін ұсыну/ілгері шығару;
акцияларға, конкурстарға және басқа маркетингтік іс-шараларға қатысу, сондай-ақ осындай
акцияларды, конкурстарды, және басқа да маркетингтің іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша
жүлделер алу, соның ішінде жария көздердегі/ресурстардағы жеңімпаздар/қатысушылар туралы
Құқық иеленуші өз қалауынша лайықты деп санайтын және Құқық иеленуші кез келген аудио, фото
және бейне материалдарда пайдалануы мүмкін кез келген түрдегі ақпаратты орналастыру;
Құқық иеленушінің сұрақ-жауаптарды, соның ішінде дербес деректер субъектісі болып табылатын
Пайдаланушымен тікелей байланыстарды жүзеге асыру арқылы жүргізуі;
Құқық иеленушінің Пайдаланушылардың дербес деректерін Пайдаланушыға қызмет көрсету үшін
қажетті көлемде, және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, сондай- ақ
Құқық иеленушімен шарттық қатынастардың шеңберінде құпиялылық туралы ережелерді ақпаратты
қабылдаушы тараптың мойындауы арқылы берілген деректердің әрі қарай таралуын шектеген
жағдайда Құқық иеленушінің қызмет көрсетуін ақпараттық-технологиялық сүйемелдеуін
технологиялық сүйемелдеу мақсатымен Құқық иеленушінің тартатын ұйымдарына беруі.
Платформаны пайдалануға қатысты хабарламаларды, ақпаратты жіберуі, сондай-ақ
Пайдаланушылардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау және өңдеу, Пайдаланушыларға
Пайдаланушы келісімі мен осы Саясатқа өзгертулердің және/немесе толықтырулардың енгізілгені
туралы ақпарат беру, ұсынылатын қызметтердің, маркетингтік белсенділіктердің, жарнама
кампанияларының және нарықтық зерттеулердің сапасын жақсарту, жаңа сервистерді әзірлеу және
ұсыну, оған қоса Пайдаланушыға дербестендірілген қызметтерді ұсыну және жарнама материалдары
мен контентін таргеттеу, сондай-ақ Құқық иеленушінің құқықтар мен міндеттерді Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жүзеге асыруы. Дербес деректерді жинау мен
өңдеудің қосымша мақсаттары жекелеген Сервистерді пайдалану шеңберінде мәлім етілуі мүмкін.
Құқық иеленушінің сервистерін пайдалану кезінде, Құқық иеленушінің үлестес тұлғалары, серіктестері,
сондай-ақ үшінші тұлғалар келесі деректерді жинай алады және өңдей алады: ІР мекенжай,
Пайдаланушының геолокациясы туралы ақпарат, іздестіру сұратымдарының тарихы, “cookies”-ке қолжетімді
кіру күндері және уақыттары, Пайдаланушы ұсынған браузер мен операциялық жүйе туралы ақпарат,
сондай-ақ дербес деректердің субъектісі болып табылатын Пайдаланушының келесі дербес деректері
(бұдан әрі – «Дербес деректер»), соның ішінде, бірақ онымен шектелмей:
Пайдаланушыны аты, тегі, әкесінің аты (бар болса);
Пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың екі жағының
фотосуреті);
Пайдаланушының әлеуметтік желілердегі оның дербес деректерімен бірдей аты;
Apple ID, әлеуметтік желілердің ID, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, ВКонтакте, Facebook,
Google, басқа;
Пайдаланушының абоненттік телефонының нөмірі;
Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы;
Пайдаланушының бет жүзінің кескіні (Пайдаланушының фотосуреті/бейнежазбасы, оның бет жүзінің
суреті бар аватары);
осы тармақта көрсетілген жинау және өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті басқа деректер.
Пайдаланушы кез келген уақытта өз Дербес деректерін ашық дереккөздер немесе үшінші тұғалардан
алынған дереккөздер арқылы Құқық иеленушімен шарттық қатынастардың негізінде өзгерте (жаңартуы,
толықтыруы) алады немесе нақтылай алады. Одан басқа, Пайдаланушы жинауы және өңдеуі Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылған өз дербес деректерін толықтай немесе
жартылай жоюды, бұғаттауды талап ете алады, сондай-ақ олардың құпиялылық параметрлерін өзгерте
алады.
Дербес деректерді сақтауды Құқық иеленуші Қазақстан Республикасының аумағында Пайдаланушы келісімі
бойынша олардың жинау және өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті мерзімнің және, ешер басқа бір
қолданыстағы заңнамада одан қысқа мерзім белгіленбеген болса, аталған Пайдаланушы келісімінің
қолдану мерзімі аяқталғаннан кейінгі үш жылдың ішінде жүзеге асырады.
Пайдаланушы өзінің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін кері қайтарып ала алады.
Келісімді кері қайтарып алу Пайдаланушы келісімін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға алып келеді.
Келісімді кері қайтарып алу үшін Пайдаланушы Құқық иеленушінің мекенжайына Пайдаланушы келісімінде
көрсетілген жазбаша өтініш береді.
Пайдаланушы Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келген жағдайда немесе Құқық иеленушінің алдында орындалмаған міндеттемесі болған жағдайда кері
қайтарып ала алмайды.
Дербес деректерді жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда
субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
Пайдаланушының Дербес деректерін Құқық иеленуші келесі жағдайларда 30 (отыз) жұмыс күннің ішінде
жоюға тиіс:
Пайдаланушыдан Құқық иеленушінің мекенжайына жіберілген Дербес деректерді жинауға және
өңдеуге пайдаланушының келісімін кері қайтарып алу туралы қтініш келіп түскенде;
көрсетілген кезең аяқталғанға дейін Пайдаланушы Платформада қолданыстағы есеп жазбасымен
авторландыру арқылы немесе Құқық иеленушінің мекенжайына өтініш жіберу арқылы Дербес
деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алудан бас тартуға құқылы.
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Дербес деректерді жинау және
өңдеу мақсатына жету күнімен анықталатын оларды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін;
Пайдаланушы мен Құқық иеленушінің арасында құқықтық қатынастар тоқтаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа жағдайларда.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҰСЫНУ
Құқық иеленушінің үлестес тұлғаларына және/немесе Құқық иеленушінің серіктестеріне Пайдаланушының
Дербес деректерін, сондай-ақ Пайдаланушылардың/өнімдердің/сервистердің/қызметтердің кез келген
иесіздендірілген құпия деректерін (хештеу арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін кез келген иесіздендіру тәсілімен), соның ішінде Пайдаланушының кез келген
тасымалдағыштағы Дербес деректерін табыстау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Құқық иеленуші Платформаның жаңа функционалын (оған қоса ақпараттық, жарнамалық, білім беру,
ойын-сауық және басқа сипаттағы сервистер мен өнімдерді) дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және
енгізеді, сондай-ақ Дербес деректерді, соның ішінде Құқық иеленушінің және/немесе серіктестердің
үлестес тұлғаларын тарта отырып, төмендегі мақсаттарда жинайды, өңдейді, табыстайды (оған қоса
трансшекаралын табыстау):
Пайдаланушы келісімін орындау және Платформаны пайдаланудың пайдаланушы тәжірибесін
жақсарту;
Құқық иеленушінің және/немесе Құқық иеленушінің үлестес тұлғаларының
өнімдерінің/сервистерінің/қызметтерінің сапасын арттыру үшін статистикалық, ғылыми,
маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
сондай-ақ Құқық иеленушінің және/немесе Құқық иеленушінің үлестес тұлғаларының
пайдаланушыларына көрсетілетін/ұсынылатын өнімдердің/сервистердің/қызметтердің сапасын
жақсарту. Аталған мақсаттарды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Құқық иеленушіге
кез келген тәсілдермен Пайдаланушының Дербес деректерін, сондай-ақ иесіздендірілген (хештеу
арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа кез келген
иесіздендіру тәсілімен) деректерді және кез келген тасымалдағыштағы кез келген құпия
деректерді, оған қоса осындай деректерді автоматтандырылған өңдеудің, соның ішінде бүтін
санды және/немесе мәтіндік мәндер мен сәйкестендіргіщтер түріндегі нәтижелерін жинауды,
өңдеуді және үлестес тұлғаларға және/немесе серіктестерге жинау мен өңдеуге осындай
келісімді орындау үшін табыстауды, оған қоса дербес деректерді Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтай отырып трансшекаралырн табыстауды кез келген тәсілмен жүзеге асыруға
рұқсат береді және онымен келіседі.
Дербес деректерді үшінші тұлғаларғы ұсынған жағдайда Құқық иеленуші оларды рұқсатсыз пайдаланудан
қорғау бойынша барлық жол берілетін шараларды қабылдайды және оларды осы Саясаттың және Қазақстан
Республикасы заңнамасының ережелері бойынша пайдалануға міндеттенеді. Құқық иеленуші
Пайдаланушылардың жеке өміріне араласпау құқығын қамтамасыз етеді және сәйкесінше ешқандай үшінші
тұлғалар, соның ішінде серіктестер Пайдаланушылардың хаттары туралы ақпарат алмайды.
Осы баптың ережелеріне қарамастан, пайдаланушы оның деректерінің ақпараттық- коммуникациялық
интернет желісі арқылы берілетінін түсінеді, және Құқық иеленуші Пайдаланушы беретін, оларды
пайдалану мүмкіндігіне үшінші тұлғалар қандай да бір заңсыз іс- қимылдардың нәтижесінде ие болуы
мүмкін Дербес деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Осыған байланысты Дербес деректерді кез
келген табыстау түрін Пайдаланушы тәуекелді өз мойнына ала отырып жүзеге асырады, және Құқық
иеленуші Дербес деректердің немесе олардың бір бөлігінің жайылып кетуіне және Пайдаланушыға тиісті
залалдың келтірілуіне байланысты жауапкершілік көтермейді.
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Пайдаланушылардың Дербес деректері құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының
заңнамасымен қорғалады.
Құқық иеленуші алынған Пайдаланушының Дербес деректерін қорғауды келесі тәсілдермен қамтамасыз
етеді:
Дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің болдырмау;
Дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін, егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізудің
алдын алу мүмкін болған болса, дер кезінде анықтау;
Дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің жағымсыз салдарын барынша азайту.
Құқық иеленушінің ішкі процедуралары бар және ол шаралар кешенін, соның ішінде құқықтық, ұйымдастыру
және техникалық шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын дербес деректерді қорғауға бағытталған
барлық іс-қимылдарды төмендегі мақсаттармен жүзеге асырады:
жеке өміріне қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасылық құпияға құқықтарды іске асыру;
оның тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету;
құпиялылығын сақтау;
оған қол жеткізу құқығын іске асыру;
Пайдаланушының Дербес деректерін заңсыз жинауды және өңдеуді болдырмау.
Құқық иеленуші шарттың әрбір үшінші тұлғасымен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
нысанда, ақпараттың, соның ішінде Пайдаланушылардың Дербес деректерінің құпиялылығын белгілейтін
шарттың болуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылар ұсынатын мәліметтердің дұрыстығы тексерілмейді, ал Пайдаланушылардың әрекет
қабілеттілігі болжанады және ол да тексерілмейді. Пайдаланушылар ұсынатын мәліметтерді Қосымшамен
өзекті күйде ұстап тұрады. Мұндай мәліметтерді сақтау мерзімін Құқық иеленуші өз бетінше анықтайды.
Құқық иеленуші Пайдаланушылардың дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ жинаудан және өңдеуден,
сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті
ұйымдастыру және техникалық шараларын қабылдайды.
Ақпараттық-коммуникациялық интернет желісін құру және оның жұмыс істеу қағидаттарын ескере отырып,
Платформаның барлық құралдары «дәлме-дәл» ұсынылады. Құқық иеленуші Платформаға қатысты ешқандай
кепілдіктерді ұсынбайды, атап айтқанда, Пайдаланушыға мыналарға кепілдік берілмейді:
Платформаның үздіксіз, сенімді және қатесіз жұмыс істейтініне;
Платформаны пайдалану арқылы алынатын нәтижелердің анық, сенімді болатынына және
Пайдаланушының күткеніне сай болатынына.
Саясаттың, Платформаның жұмысын реттейтін өзге ережелердің бұзылуына және/немесе Құқық иеленушіге
зиян келтіруге (мысалы, DDoS-шабуылдар немесе өзге хакерлік шабуылдар, бағдарламалық құралдарды
авторландырылмаған және-немесе заңсыз пайдалану) жол бермеу немесе алдын алу мақсатында Құқық
иеленуші Пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың Платформаға қолжетімділігін Платформаны
пайдалануды уақытша бұғаттау арқылы шектеуге құқылы. Бұл жағдайда Құқық иеленуші жоғарыда
көрсетілген мәжбүрлі іс-қимылдарға байланысты кез келген залал үшін жауапкершілік көтермейді.
Пайдаланушы Құқық иеленушінің және/немесе оның үлестес не өзге тұлғаларының құқықтарының барлық
зияткерлік меншік объектілеріне және Платформада орналастырылған азаматтық айналым қатысушыларын
дербестендіру құралдарына, оған қоса, бірақ онымен шектелмей: авторлық, патенттік құқық
объектілеріне, фирмалық атауларға, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне және кез келген
өзге зияткерлік меншік объектілеріне және азаматтық айналым қатысушыларының құралдарына және басқа
кез келген осы сияқты белгілеулерге қатысты қолданылатынын түсінеді және онымен келіседі.
Осы Саясат Пайдаланушы Платформаны пайдалануды бастаған кезден күшіне енеді және мерзімсіз
қолданылады.
Құқық иеленушінің осы Саясат бойынша өз құқықтарын және/немесе міндеттерін толықтай немесе бір
бөлігін үшінші тұлғаға беруге құқылы болып табылатынына, соның ішінде құқықтарды Платформаға жіберу
кезінде Құқық иеленуші құқылы, ал пайдаланушы өз келісімін береді.
Пайдаланушы мен Құқық иеленушінің арасындағы қатынастар, соның ішінде дауларды шешу тәртібі
Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Осы Құпиялылық саясаты жөніндегі барлық ұсыныстарды немесе сұрақтарды мына мекенжайға жіберу қажет:
info-kz@darlean.com