DAR Solutions компаниясы (DAR Lean бақылаушы, толығырақ ақпарат Құпиялылық саясатында келтірілген: https://darlean.com/kz/policy?region=kz біздің пайдаланушыларымыз бен олардың бізбен бөлісетін ақпаратының арасындағы ашықтыққа көп көңіл бөледі. Осы өзара сенімділік деңгейін сақтап тұру мақсатында және біз жинап сақтайтын пайдаланушы деректерімен байланысты жауапкершіліктің кез келген мәселелерін болдырмау үшін cookie DAR Lean файлдарына қатысты саясат туралы ақпараттың егжей-тегжейлі жиынтығы келтірілген.
Сookie файлдары – бұл біздің браузеріңіздің жадысында браузерге веб-парақшаға соңғы рет кірген кезде бұрын пайдаланылған пайдаланушы ақпаратын есте сақтауға көмектесу үшін URL-мекенжай түрінде сақталатын мәтін мен цифрлардың жиынтығы. Сookie файлдарына пайдаланушының компьютерінен немесе веб-серверден қол жеткізуге болады. Сookie файлының өзінде ешқандай нақты ақпарат болмайды, себебі ол бар болғаны шағын мәтіндік файл болып табылады. Сookie файлын тек қана браузер компьютерде сақталған cookie файлын шығарып алған соң оқи алады.
Сookie файлдарының екі типі болады. Сеанстық cookie файлдары тұрақты болып табылады және браузердің салынған қосымша папкасында сақталады. Сервер сайтқа қайта кірген кезде сол сайт бірінші кезекте құрған тұрақты cookie файлдарын іске қосады.
DAR Lean-те біз cookie файлдарын пайдаланушыларымызға біздің https://darlean.com/kz?region=kz веб-сайтымызға кіру тәжірибесінің жақсаруын және біздің https://app.darlean.kz.платформамызға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз.
Сookie файлдарын пайдалану бізге, бірінші кезекте, DAR Lean веб-сайтына және платформаға сіздің кіруіңізді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Нақ осы cookie файлдарын пайдалану бізге өзіңізден басқа біреудің басқа құрылғыдан сіздің DAR Lean есеп жазбаңызға кіруге әрекет жасап отырған-отырмағанын анықтауға көмектеседі. Сookie файлдарын пайдалану біздің серверге өзіңіздің әдетте пайдаланатын құрылғыңызды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сookie файлдары сондай-ақ біздің ұсынысымыз бен пайдаланушылардың арасында өзара алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сіз DAR Lean қосымшасында ақпаратпен және деректер жиынтықтарымен бөлісе аласыз, өз кезегінде, DAR Lean сізбен тиісті хабарландырулармен бөлісе алады.
DAR Lean бізге cookie пайдаланушы файлдарын жинауға көмектесетін белгілі бір бақылау технологияларын немесе құралдарын пайдаланады.
Сookie файлдары веб-сайт генерациялайтын және интернет-пайдаланушының браузері арқылы сақталатын ақпаратты жинау үшін қолданылуы мүмкін. Сookie файлдары бұл веб- сайттың Пайдаланушының компьютерінің немесе мобильдік құрылғысының қатты дискісінде Пайдаланушының браузері арқылы орналастырылатын шағын файл немесе мәтіндік ақпарат (әдетте өлшемі 1 Кбайттан аз). Сookie файлы веб-сайтқа Пайдаланушының іс-қимылдарын немесе қалауларын уақытша немесе тұрақты түрде «есте сақтап қалуға» мүмкіндік береді. Веб-браузерлердің көбі cookie файлдарын қолдайды, алайда пайдаланушылар өз браузерлерін cookie файлдарынан бас тартатындай едіп баптап қоя алады. Пайдаланушылар сондай-ақ кез келген уақыта cookie файлдарын өшіре алады. Пайдаланушылардың көбі cookie файлдарын өз браузерлерінде браузер терезесі жабылған кезде олар cookie файлдарын әдепкі қалып бойынша автоматты түрде жоятындай етіп баптауларды жасау арқылы күйге келтіреді. Веб-сайттар cookie файлдарын пайдаланушыларды сәйкестендіру, өз клиенттерінің қалауларын есте сақтап қалу үшін пайдаланады және пайдаланушыларға басқа бетке ауысқан кезде немесе кейінірек веб- сайтқа қайта кірген кезде ақпаратты қайта енгізу қажетінсіз міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Сookie файлдары сондай-ақ Интернеттегі мінез-құлыққа негізделген нысаналанған жарнама мен маркетинг үшін ақпарат жинау мақсатында қолданылуы мүмкін. Мысалы, компаниялар бағдарламалық жасақтаманы пайдаланушылардың іс-қимылдарын бақылау және оларға пайдаланушыларға олардың алдыңғв іздеу сұратымдарына бейімделген жарнаманы көрсетуге мүмкіндік беретін жеке профильдерді құру үшін пайдаланады. Сookie файлдарының алуан түрлі типтері бар. Жіктеу олардың пайдалану қызметінің негізінде жасалуы мүмкін:
Олардың қай доменге жататын болса, сол доменге байланысты басқа жіктемесі де бар:
Егер веб-сайтқа қызмет көрсететін веб-сервер cookie файлдарын пайдаланушының компьютерінде немесе мобильдік құрылғысында сақтаса, олар «НТТР-тақырыбының cookie файлдары» деп аталады. Одан басқа, cookie файлдары парақшада тұрған немесе оған өту үшін сілтемесі бар JavaScript кодының көмегімен сақталуы мүмкін.
Мысалы: Веб-сайт бес әртүрлі тілдік нұсқада ұсынылады. Веб-сайтқа бірінші рет кірген кезіңізде «Ағылшын» тіл нұсқасын таңдайсыз. Сіздің веб-сайтты ағылшын тілінде пайдаланғыңыз келетіні туралы ақпараты бар мәтіндік файл («тұрақты cookie файлы») енді сіздің құрылғыңызда сақталып тұр. Егер сіз cookie файлдарын өшіріп тастамасаңыз және веб-сайтқа дәл сол браузердің көмегімен қайта кірсеңіз, веб-сайт сақталған cookie файлынан веб-сайттың ағылшын тілінде көрсетілуі тиіс екенін анықтап алады.
Сookie файлдары туралы толығырақ ақпаратты мына мекенжайдан білуге болады: https://allaboutcookies.org/.
Төменде веб-сайтта да, DAR Lean платформасында да қолданылатын барлық бақылау технологияларының тізімі келтірілген:
Userguiding.com бұл Ynot Partners, Inc., Хай Стрит, 316, Пало-Альто, Калифорния 94301, АҚШ ұсынатын сыртқы қызмет. Бұл DAR Solutions-ң бақылайтын бейімдеу тізімі немесе үйрететін тур сияқты интерактивті бейімдеу үдерістерін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын құралы.
DAR Solutions платформа ұсыну мақсатымен, атап айтқанда, қолжетімді модульдерді беру және бейімдеуді қолдау мақсатында Пайдаланушы жүгінетін белгілі бір негізгі деректерді (электрондық пошта мекенжайын, компания атауын), сондай-ақ бірегей сәйкестендіру нөмірі мен DAR Lean платформасының беттерін жібереді.
Оларды жіберу үшін заңдық негіз DAR Solutions-ң заңды мүддесі (GDPR 6 (1) бап, f-тармағы) болып табылады. Оған сәйкес, DAR Lean платформасының қолжетімді функционалдық мүмкіндіктерін оңтайлы көрсету және Пайдаланушыға ұсыну, сондай-ақ Пайдаланушыны оның жұмыс кеңістігін баптауға қолдау көрсету мүмкіндігі болады. Userguiding.com келесі cookie файлдарын орнатады:
Домен | Cookie файлын ың атауы | Cookie файлыны ң типі | Санаты және мақсаты | Уақытша/тұра қты | Сақтау ұзақтығы |
---|---|---|---|---|---|
app.darlean.kz | __cf_bm | Сыртқы | негізгі cookie файлы | Тұрақты | 30 күн |
app.darlean.kz | wooTracker | Сыртқы | негізгі cookie файлы | Тұрақты | 30 күн |
Қызметтерді жеткізуші өзінің Құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://Userguiding.com/privacy-policy/.
Bitrix24.kz бұл BITRIX24 LIMITED, Посейдонос, 1, БИЗНЕС-ЦЕНТР ЛЕДРА, Эгкоми 2406, Лефкосия, Кипр ұсынатын сыртқы қызмет.
DAR Solutions бұл сервисті Пайдаланушылармен қатынасуды ұйымдастыру мақсатымен, осылайша Пайдаланушылардың сұрауларына жауап беру мүмкіндігіне ие болу және қолдау көрсету, сондай-ақ DAR Lean платформасының тиісінше ұсынылуын қамтамасыз ету және жылдамдықты оңтайландыру (мысалы, қаріптерді қосымша жүктеу арқылы) үшін пайдаланады. Жиналған деректердің ішінде мыналар бар: Пайдаланушының аты, Пайдаланушының телефон нөмірі және Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайы.
DAR Solutions-ң (статья 6 (1), пункт f GDPR) жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін заңды мүддесі құқықтық негіз болып табылады. Bitrix24.kz келесі cookie файлдарын орнатады:
Домен | Cookie файлын ың атауы | Cookie файлыны ң типі | Санаты және мақсаты | Уақытша/тұра қты | Сақтау ұзақтығы |
---|---|---|---|---|---|
app.darlean.kz | b24_sitebutton_hello | Ішкі | Қолдау және маркетинг | Тұрақты | 1 күн |
Қызметтерді жеткізуші өзінің Құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://www.bitrix24.kz/.
Halyk Bank Epay бұл Халык Банк, Аль-Фараби, 40, Алматы, Казахстан, ұсынатын және басқаратын сыртқы сервис.
Halyk Bank Epay – бұл онлайн-төлемдер қызметтерін жеткізуші. Егер Шарт бойынша серіктес төлемді DAR Lean платформасы арқылы жасаса, тиісті төлем деректері (аты, мекенжайы, банктік деректемелер туралы мәліметтер), ІР-мекенжайы және DAR Solutions-пен жасалған келісімшарт туралы деректер төлем қызметтерін жеткізушіге жіберіледі, ал ол оларды сақтап қояды.
DAR Solutions бұл қызметті төлеуге шоттарды ұсыну (төлемдерді өңдеу) үшін пайдаланады. Заңды негіз болып Шарттағы серіктеске қатысты шартты (GDPR-ң 6 (1)-бап, b-тармағы) орындау табылады; бұған қосымша Шарттағы серіктестік алдын ала берген келісімі талап етіледі (GDPR-ң 6 (1)-бап, а-тармағы).
Қызметтерді жеткізуші өзінің Құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://epayment.kz/docs.
Тегтердің Google Менеджері – бұл Google Ireland Limited, Гугл Билдинг Гордон Хаус, Бэрроу Стрит, 4, Дублин, D04 E5W5, Ирландия, компаниясы ұсынатын және басқаратын сыртқы сервис.
Тегтердің Google Менеджері – бұл тегтерді басқару жүйесі, оның көмегімен бақылау кодтары және онымен байланысты кодтың бөліктері бір орталықтан интеграциялануы, басқарылуы және DAR Lean платформасында жаңартылуы мүмкін. Сервисті Google Ireland Limited, Гугл Билдинг Гордон Хаус, Бэрроу Стрит, 4, Дублин, D04 E5W5, Ирландия, компаниясы ұсынады.
Осылайша, Тегтердің Google Менеджері басқа құралдар арқылы өту үшін қарапайым жүйе ретінде қолданылады, локалды түрде орналастырылады және ешқандай дербес деректерді Google-ға жібермейді. Осы басқа құралдармен байланысты өңдеу туралы ақпаратты осы Құпиялылық туралы өтініштің тиісті құралдарынан табуға болады.
Қызметтерді жеткізуші өзінің Құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://policies.google.com/technologies/partner-sites?hl=de&hl=de
DialogFlow – бұл Google Ireland Limited компаниясы, Гугл Билдинг Гордон Хаус, Бэрроу Стрит, 4, Дублин, D04 E5W5, Ирландия, ұсынатын және басқаратын сыртқы сервис.
DAR Solutions чат-бот түрінде сервисті енгізе отырып, Пайдаланушылардың сұрауларына орай кеңес беру және әрекет ету үшін DialogFlow-ды пайдаланады. DialogFlow кіріс деректерін түсіну және тиісінше әрекет ету үшін машинамен оқытуды пайдаланады. Әдетте, DialogFlow пайдаланушылардан дербес деректерді сұратпайды.
Google Ireland Limited, Google LLC немесе Alphabet Inc. Пайдаланушы және DAR Lean платформасы құрған диалогты иесіздендіре алады, және кейіннен оны DialogFlow өнімін жақсарту және үйрету үшін пайдалана алады.
Өңдеу үшін заңдық негіз GDPR-ң 6 (1) (а) бабына және GDPR-ң 49 (1) (а) бабына сәйкес Пайдаланушы берген келісім табылады. Толығырақ 10-бөлімнен қараңыз. Келісім беруден кез келген уақытта себептерін түсіндірусіз бас тартылуы мүмкін. Келісімді қайтарып алу оны қайтарып алғанға дейін келісімге негізделген өңдеудің заңдылығына әсер етпейді.
Деректерді алушылар мыналар болуы мүмкін:
Қызметтерді жеткізуші өз Құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://cloud.google.com/dialogflow/docs/data-logging-terms?hl=en.
jsDelivr – бұл ProspectOne sp. z.o.o. ұсынатын және басқаратын сыртқы қызмет, Крулевска 65A/1, 30-081, Краков, Польша.
jsDelivr – бұл, мысалға, ReactJS сияқты пайдаланушы интерфейсінің қарапайым кітапханалары сияқты бастапқы коды ашық файлдар үшін контентті (CDN) жеткізу желісі.
DAR Solutions бұл сервисті DAR Lean платформасы үшін қолданылатын белгілі бір кітапханаларды автоматты түрде жаңарту үшін, АТ-қауіпсіздікті қамтамасыз ету және DAR Lean платформасын жүктеу уақытын оңтайландыру үшін оған соңғы дистрибутивті автоматты түрде қосу арқылы қолданады. Пайдаланушы DAR Lean платформасына кіруге рұқсат алған кезде жоғарыда аталған қызметтерді жеткізушіге қосылу туралы белгілі бір Деректер жіберіледі.
Өңдеу үшін заңдық негіз DAR Solutions-ң жоғарыда аталған мақсаттарға жетуге, әсіресе DAR Lean платформасын өзекті күйде ұстап тұруға және ескірген кітапханалардан туындаған қауіпсіздіктегі кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндігінің болуы болып табылады (GDPR-ң 6 (1) –бабы f-тармағы).
Қызметтерді жеткізуші өзінің құпиялылық саясатын мына мекенжай бойынша орналастырады: https://www.jsdelivr.com/terms/privacy-policy-jsdelivr-net.
Google Analytics – бұл веб-сайттарға онлайн-кірулерді бақылауға және талдау жасау үшін осы кірулер туралы есептерді көрсетуге арналған, ашық бастапқы коды бар веб-талдауға арналған қосымша. DAR Solutions бұл сервисті Пайдаланушылар құрылымын статистикалық талдау және одан кейін DAR Lean платформасын оңтайландыру үшін пайдаланады. DAR Solutions келесі дербес деректерді жинайды: Пайдаланушының ІР-мекенжайы, Пайдаланушының қосымша сәйкестендіру нөмірі, сұраудың жіберілген күні және уақыты, қаралып жатқан беттің атауы (Тақырыпаты), қаралып жатқан беттің URL-мекенжайы (беттің URL- мекенжайы), ағымдағы бетке дейін қаралған беттің URL (URL сілтемесінің көзі), экранның қолданылып жатқан ажыратымдылығы, локалды пайдаланушының сағаттық белдеудегі уақыты, басылған және жүктелген файлдар (Жүктемелер), басылған сыртқы доменге сілтемелер (Сыртқы сілтеме), бетті құру уақыты (веб-беттерді веб-сервердің құруы және одан кейін пайдаланушының жүктеуі үшін қажетті уақыт: Беттердің жылдамдығы), Пайдаланушының орналасқан жері: елі, өңірі, қаласы, шамаланған ендігі және бойлығы, Қолданылатын браузердің негізгі тілі, Қолданылатын браузердің пайдаланушы агенті, Кірушінің кездейсоқ бірегей сәйкестендіргіші, Осы пайдаланушының бірінші рет кіру уақыты, Осы пайдаланушының алдыңғы кіру уақыты, осы пайдаланушының кірулер саны.
Өңдеу үшін заңдық негіз DAR Lean платформасын жақсарту және пайдаланушының құрылымын түсіну жөніндегі GDPR-ң 6 (1)(f) бабына сәйкес DAR Solutions-ң заңды мүддесі болып табылады. Егер cookie файлдары табылған болса, өңдеу үшін заңдық негіз Пайдаланушының GDPR-ң 6 (1)(а) бабына сәйкес берген келісімі болып табылады. Келісімді беруден кез келген уақытта себептерін түсіндірусіз бас тартылуы мүмкін. Келісімнің қайтарып алынуы оны қайтарып алғанға дейін келісімге негізделген өңдеудің заңдылығына әсер етеді.
Google Analytics-ны DAR Solutions локалды түрде өз серверлік инфрақұрылымына орналастырады, сондықтан жиналған дербес деректер үшінші тұлғаларға берілмейді. DAR Solutions келесі cookie файлдарын орнатады:
Домен | Cookie файлын ың атауы | Cookie файлыны ң типі | Санаты және мақсаты | Уақытша/тұра қты | Сақтау ұзақтығы |
---|---|---|---|---|---|
app.darlean.kz | _pk_id | Ішкі | Маркетинг және тиімділікті бақылау | Тұрақты | 6 ай |
Facebook-ке бірыңғай кіру – бұл Meta Platforms Ireland Limited компаниясы басқаратын аутентификация сервисі (бірыңғай кіру), Гранд-Канал Сквер, 4, Гавань Гранд-Канал, Дублин 2, Ирландия (бұрынғы Facebook, Inc).
DAR Solutions бұл сервисті пайдаланушыларға платформаға Facebook логинін пайдаланып, пайдаланушының нақты есеп жазбасын құру қажетінсіз кіруге мүмкіндік беру үшін пайдаланады (жеке электрондық пошта мекенжайымен және құпиясөзімен).
Өңдеу үшін заңдық негіз GDPR-ң 6 (1) (а) бабына және GDPR-ң 49 (1) (а) бабына сәйкес Пайдаланушыдан келіп түскен айқын көрінетін келісімі болып табылады. Толығырақ 10- бөлімнен қараңыз. Мұндай айқын көрінетін келісімді DAR Lean платформасының жүйесіне кіру бетіндегі «Facebook» батырмасын басып отырған Пайдаланушы береді. Келісімді беруден кез келген уақытта себептерін түсіндірусіз бас тартылуы мүмкін. Келісімнің қайтарып алынуы оны қайтарып алғанға дейін келісімге негізделген өңдеудің заңдылығына әсер етеді.
Қызметтерді жеткізуші өзінің құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://www.facebook.com/privacy/policy/.
Google-ге бірыңғай кіру – бұл Google Ireland Limited компаниясы, Гугл Билдинг Гордон Хаус, Бэрроу Стрит, 4, Дублин, D04 E5W5, Ирландия, басқаратын аутентификациялау сервисі (бірыңғай кіру).
DAR Solutions бұл сервисті пайдаланушыларға платформаға Facebook логинін пайдаланып, пайдаланушының нақты есеп жазбасын құру қажетсінсіз кіруге мүмкіндік беру үшін пайдаланады (жеке электрондық пошта мекенжайымен және құпиясөзбен).
Өңдеу үшін заңдық негіз GDPR-ң 6 (1) (а) бабына және GDPR-ң 49 (1) (а) бабына сәйкес Пайдаланушыдан келіп түскен айқын көрінетін келісімі болып табылады. Толығырақ 10- бөлімнен қараңыз. Мұндай айқын көрінетін келісімді DAR Lean платформасының жүйесіне кіру бетіндегі «Google» батырмасын басып отырған Пайдаланушы береді. Келісімді беруден кез келген уақытта себептерін түсіндірусіз бас тартылуы мүмкін. Келісімнің қайтарып алынуы оны қайтарып алғанға дейін келісімге негізделген өңдеудің заңдылығына әсер етеді.
Қызметтерді жеткізуші өзінің құпиялылық саясатын келесі мекенжай бойынша орналастырады: https://policies.google.com/privacy?hl=en.
Деректерді қорғауға немесе деректер субъектісінің құқықтарын жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша тек қана мына мекенжайға хабарласуға болады:
DAR Solutions ЖШСЭл.пошта:: info-kz@darlean.com
11.04.2023 ж. бастап күшіне енеді
DAR Solutions белгілі бір уақыт өткен сайын Осы Саясатқа cookie файлдарына қатысты өзгерту және/немесе толықтыру енгізу құқығын өзіне қалдырады.